«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІМПАЗ ЖОЛЫ

Есімі еліміздің грек-рим күресі мамандарына жақсы таныс, жекпе-жектің осы түрі бойынша Қырғызстанның, Өзбекстанның чемпионы, КСРО-ның құрметті спорт шебері Жамбыл Тасеменов биыл жетпіс жасқа толады. Бозкілемде жасындай жарқыраған жастық шағы кейін қалса да, ардагер күрестен қол үзер емес. Ол әлі де облыстың жас балуандарын баптап келеді.

Жақында Петропавлда оның құрметіне арналып жас балуандар арасында халықаралық жарыс өткенді. Осы додаға еліміздің өңірлерінен, Ресейдің көрші облыстарынан, қалаларынан үміткерлер жиналды. Шебердің алдағы мерейтойына арналып орыс, қазақ тілдерінде “Дорогой борьбы и триумфа” (“Күрес және жеңіс жолында”) деген кітап шығарылды.

Оның көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай. Басылым журналист Марат Ермұқановтың орыс тілінде жазылған мақаласымен ашылады. Ал облыстық “Северный Казахстан” газетінің спорт шолушысы Дарья Тушина “Почетный ровесник победы” деген эссесінде оның өмірбаянын, күрестегі мерейлі жеңістерін толыққанды баяндайды.

Эргаш Юсупов, Алексей Сабиров (Өзбекстан, КСРО спорт шеберлері), Зейнолла қажы Төлеутаев (Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт қайраткері, КСРО спорт шебері, Ақтөбе қаласы), сондай-ақ, шәкірттері, ізбасарлары Жоламан Дәуренбеков (халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионы, бірнеше елдердегі жарыстардың жеңімпазы), Ғалым Өркешов, Евгений Сорокин, бірқатар достары Жамбыл Серғазыұлының адамгершілік сипаты, байыпты мінезі, кеңпейілділігі туралы лебіздерін білдірген.

Кітаптың күрес жолын таңдаған балғын балуандарға, жастарға берер тағылымы мол.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp