Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстық ішкі саясат басқармасы тұрғындар арасында “Заманауи құлдыққа “жоқ” деп айт!” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру плакаттары байқауын өткізеді. Байқаудың ұйымдастырушысы – “Солтүстік Қазақстан облысының оңалту орталығы” қоғамдық бірлестігі.
Байқауға жас ерекшелігіне қарамастан барлық солтүстікқазақстандықтар қатыса алады. Орындалу техникасы әрқилы А2 және А1 үлгісіндегі ватман қағазына жасалған плакаттарды коллаж, аппликация, пішінді картиналар, графика, гуашь, майлы бояу, түрлі түсті қарындаштар, фломастер және тағы басқа құралдарды қолданып, жасауға болады. Компьютерлік технологияны және интернеттегі фотосуреттерді пайдаланып жасалған жұмыстар қабылданбайды.
Байқаудың қорытындысы 1 тамызда белгілі болады. Жеңімпаз плакат үлкен таралыммен басылып шығып, адам саудасына қатысты ақпараттық-насихат жұмыстарында пайдаланылады.
(Өз тілшіміз).