
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Славян базары — 2019» халықаралық фестивалінде бас жүлдені иеленген жерлесіміз, жас талант Әділхан Макинді жеңісімен құттықтады. Облыстық әкімдікте өткен кездесуге кезінде әншіге тәлім-тәрбие берген ұстаздары, туған-туысқандары да шақырылды.
«Өңіріміз Ермек Серкебаев сияқты өнерлі азаматтарға бай. Солардың қатарына соңғы кездері жастардың қосылып келе жатқаны қуантады. Өткен жылы Самал Еслямова үлкен фестивальде жеңіске жеткен болатын. Әділханның бұл жеңісі өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс», — деді Құмар Іргебайұлы.
Әділхан Макин туған жерінде құрмет көрсетіп жатқандарына алғыс айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Толығырақ газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.