«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Австрияның астанасы – Венада өтіп жатқан ірі халықаралық турнирді жеңіспен бастады. Жарыстың жүлде қоры – 2 198 250 еуро.

“АТР” рейтингінде 71-ші орында тұрған жерлесіміз өзінің тұсаукесер кездесуін Григор Димитровқа қарсы өткізді. Әлемнің оныншы ракеткасы атанып отырған 27 жастағы Болгарияның атақты теннисшісі кезінде Уимблдон додасы мен Австралияның ашық біріншілігінде жартылай финалға дейін жеткен. “АТР” турнирлерінде 8 мәрте топ жарды. Осындай мықты қарсыласпен өткен бәсеке 2 сағат 23 минутқа созылып, 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Михаил Кукушкиннің пайдасына шешілді.

Екінші айналымдағы кездесуін жерлесіміз Андрей Рублевқа қарсы өткізді. Бұл жолы үздіктер тізімінде 76-шы орында тұрған 21 жастағы Ресей теннисшісін 7:6, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp