Грек-рим күресінен өткен облыс біріншілігінде “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары жеңімпаз атанды. 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен сайысқа өңірімізден 9 команда, 110-нан астам спортшы қатысқан болатын. Жекелей сында 11 салмақ дәрежесінде белдескен балуандарға келер болсақ, Вадим Александров (26 кг.), Михаил Васильев (29 кг.), Даниель Растихин (32 кг.), Рахат Амангелдин (35 кг.), Максим Скрипак (38 кг.), Давид Звягинцев (42 кг.), Диас Балапан (47 кг.), Ескендір Кәкелеев (53 кг.), Влад Юрьев (59 кг.), Денис Пилипенко (66 кг.) және Радион Искожин (66+ кг.) жеңімпаздар атанды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.