Футболдан Ұлттар лигасының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы аталмыш доп додасының “Д” лигасында сынға түсіп, барлығы 6 ойын өткізді.
Алғашқы турда өз алаңында Грузиядан 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін алдымен Андорра, сосын Латвия командаларымен тең нәтиже тіркелді (1:1). Ал төртінші турда елордада Андорраны 4:0 есебімен жеңгенімен, өз алаңында Латвиямен тағы да тең түсті. Сырт алаңда Грузияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Алты ойынның нәтижесінде Грузия 16 ұпаймен көш бастаса, қоржынында тек 6 ұпайы бар отандастарымыз екінші орынға жайғасты.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.