«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА — ЖІГЕРЛІЛЕР

Дәстүрлі “Солтүстік – 2020” облыстық спартакиадасының ақтық кезеңі Тимирязев ауданында өтіп, он үш ауданнан жиналған 400-ден астам спортшы шайбалы хоккей, футзал, шаңғы жарысы және шорт-трек бойынша үздіктерді анықтады.

Жарысқа қатысушылар мен тартысты доданы тамашалауға жиналғандар алдында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев дәстүрге айналған спартакиаданың маңыздылығына назар аударды. Қазіргі таңда өңір тұрғындары үшін қысқы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Биыл спорт саласына бөлінген қаржы да 32 пайызға көбейген. Өткен жылы 21 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл 48 нысан салу жоспарланып отыр.
“Солтүстік – 2020” қысқы спартакиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды және 300 мың теңге жүлдені Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан келген спортшылар жеңіп алды. Екінші және үшінші орындар мен оған тағайындалған ақшалай сыйлық аққайыңдықтар мен шалақындықтарға бұйырды.
Алаң иелеріне доданы жоғары деңгейде өткізгені үшін “ГАЗель” автокөлігі сыйға тартылды. Келесі жылы спартакиада Тайынша ауданында өтеді.

 

Марат ШЫНТЕМІРОВ,
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp