«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – ҚАРАҚОҒАЛЫҚТАР

Булаево қаласының орталық стадионында “Ақ бидай – 2015” аудандық жазғы спорт спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Бәсекелі өткен сайысқа қатысушылар спорттың волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, еркін күрес, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, гір көтеру, армрестлинг және жазғы президенттік көпсайыс сияқты 11 түрінен күш сынасты.

Екі күнге созылған жарыстарда жеңімпаз атанудан үмітті болған ауданның 500-ден астам спортшысы сайыс көрігін қыздыра білді. 2015 жылғы “Ақ бидай” аудандық жазғы спорттық спартакиадасының жеңімпазы болып Қарақоға ауылдық округінің құрама командасы танылды. Жалпыкомандалық екінші орынды Булаево қаласының спортшылары иеленсе, возвышендіктер үшінші орынды қанжығасына байлады.

Қарақоғалықтар ерлер мен нәзік жандар арасында өткен волейбол, футбол, еркін күрес және баскетбол жарыстарында жеңімпаз атанса, басқа додаларда бәсекелестік танытып, жүлдегерлер қатарынан көріне білді.

Спартакиаданың барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздары дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Медет БЕКІШЕВ,

қоғамдық тілші.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp