«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖИДЕК ЖЕП УЛАНДЫ

Уәлиханов ауданында көпбалалы отбасының төрт баласы уланып, біреуі қайтыс болды. Қайғылы оқиға 16 шілде күні болған.

Балалар үйдің ауласында өсіп тұрған жидектерді жеген көрінеді. Салдарынан бес жасар бала ұйықтаған күйі оянбай, жақындары оны өлі күйінде бір-ақ тапқан. Ал жеті айлық нәресте мен 8 және 11 жасар балаларға сол күні кешке аудандық стационарда алғашқы көмек көрсетілді. Таңертең жеткіншектер аналарымен ауруханаға жеткізілді.

– Аураханаға түскенде, олардың жағдайы ауыр болғандықтан, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Балаларда улану белгілері байқалды, яғни, жүректері айнып, дене қызулары жоғары болды. Ем-дом дезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Асқазандары шайылып, қажетті шаралар қабылданғаннан кейін олар нефрология бөліміне ауыстырылды. Ал аналары №3 қалалық емханада ем қабылдады. Денсаулықтары оңалып, талдау нәтижелері жақсарғаннан кейін, балаларды сенбі күні үйлеріне шығардық. Олар жегензаттың құрамы сот-медициналық экспертиза арқылы анықталуда, – деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Инна Тальникова. Бес жасар бала үйінде қайтыс болғандықтан, мамандар себебін айта алмады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp