«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жиһаздары сұранысқа ие

“Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасының арқасында “Солтүстік Қазақстанда жасалған” белгісімен дүйім жұртшылыққа танылып жатқан жиһаздар теріскейде ғана емес, еліміздің өзге де аймақтарына кең тарауда.

Осындай сапалы жиһаз жасауда көпке танылған ұжымдардың бірі – “ПромСтройМебель” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл серіктестік нарықта корпустық жиһазды жасау мен сатуда 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жатын және асүй бөлмелеріне арналған гарнитурлар мен балабақша және кеңсе жиһаздарын жасаумен айналысатын серіктестіктің өнімдері қазіргі таңда ерекше сұранысқа ие.

Жиһаз цехында бүгінгі күні 18 адам жұмыс істейді. “Нұрбанктің” несие қаржысына Италиядан арнайы өндірістік құрал-жабдықтар сатып алынды. “ПромСтройМебель” ЖШС-і “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының қатысушысы ретінде банкке жылдық 7 пайызбен несие қарызын өтеуде. Аталмыш жоба бойынша қосымша 8 жұмыс орны ашылды.

– Біз мемлекеттік қолдаудың арқасында әртүрлі өнімдерді жасап шығаруға мүмкіндік алдық. Сонымен қатар, өндірісті жаңғыртып, жаңа технологияларды енгізу арқылы қосымша жұмыс орындарын аштық, – дейді серіктестіктің өндіріс жөніндегі директоры Шамиль Гайнанов.

Бүгінгі таңда жиһаздар солтүстікқазақстандықтардың арасында ғана емес, Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау мен Щучинск сияқты қалаларда үлкен сұранысқа ие болып отырғанын баса айтып өткеніміз жөн.

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның облыстық филиалының менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp