«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада инклюзивті “Хакатон” байқауының екінші кезеңі өтті.

 “Шеврон” компаниясы мен “Ерекше таңдау-Шелек” корпоративті қорының ұйымдастыруымен өткен шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сарапқа салынды. Студенттер, жас кәсіпкерлер, маркетологтар мен дизайнерлер ақпараттық технология саласындағы тың жаңалықтарымен бөлісіп, әркім өз жобасын қазылар алқасына ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыс 2020 жылы өтетін IT лагерьде жұртшылық назарына ұсынылып, оның иесі 1 млн. теңге көлеміндегі грантқа ие болады.
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, “Хакатонның” алғашқы кезеңіне 400 IT мамандар қатысқан. Интеллектуалды жарыстың қорытындысы бойынша 7 инклюзивті команданың әлеуметтік жобасы үздік деп танылған. Бұл маусымның жеңімпаздары да грантқа ие болып отыр.
 

Сурет https://eecs.susu.ru сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp