«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОБАЛАРЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Петропавлдағы «Юниор Код» бағдарламалау мектебінің тәрбиеленушілері халықаралық  олимпиадада жеңіске жетті.  

Қашықтықтан ұйымдастырылған  жас бағдарламашылар сайысына ТМД елдерінен 50-ден астам  мектептің  өкілдері қатысып, жүздеген жобалар ұсынған. Солардың арасынан петропавлдық  Вероника Паничук  өз тобында жеңімпаз атанса,  Сергея Присягин  мен Платон Рыхликов  екінші-үшінші орындардың жүлдесін еншіледі. Осылайша, жарысқа қосылған бес оқушының үшеуі олжалы болды.

«Юниор Код» бағдарламалау мектебінің  ашылғанына жарты жылдай ғана өтсе де, оқушылар қазірдің өзінде компьютерде қарапайым бағдарламалар, ойындар жобалауды үйреніп үлгерген.  Мұнда  80 шақты бала қосымша білім алуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp