«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Өңіріміздегі “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің басшысы болып Амангелді Есмағзиұлы Сатанов тағайындалды. 

Амангелді Сатанов 2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін “Тарих”, 2011 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Мамлют №3 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2010-2016 жылдары аралығында “Nur Otan” партиясында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы қызметін атқарды.
Бүгінгі таңда “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобасының өңіріміз бойынша кураторы облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жобаның сокураторы болып табылады.
Аталған жоба сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, өңір азаматтарының мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатын көздейді. Сонымен қатар, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойып, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасайды, қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады. “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсе мемлекеттік мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді, қызмет көрсетуді оңтайландыруды, қолжетімділікті арттыруды, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмауды да мақсат тұтады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp