“Автобус” жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінде солтүстікқазақстандық полицейлер жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан орын алған жол-көлік ережесін бұзудың 190 фактісін анықтады.
19-21 маусым аралығында облыс аумағында өткен республикалық жедел-алдын алу шарасы кезінде жылдамдықты асырғаны үшін 4 жүргізуші, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін тағы да 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеті солтүстікқазақстандық сапар алдындағы тексеруден өте алмады. Ал көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен 34 жүргізуші мен мас күйінде көлікке отырған 3 такси жүргізушісіне де тиісті жаза қолданылмақ.
Ольга ШИЯН,
облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.