«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҮНЕМІ НАЗАРДА

Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындар қоғамдық көлік жүргізушілері арасында да аз емес. Мәселен, тек өткен жылы ғана автобус жүргізушілеріне жол жүру ережесін бұзғаны үшін 1000-нан аса хаттама толтырылған. Ал жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол жүру ережесін бұзуының 410-нан астам фактісі анықталды. Оның 123-і көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдаланған, 32-сі жылдамдықты арттырған, 62-сі маневр ережесін бұзған, 46-сы көлікті тиісті құжаттарсыз басқарған, екеуі мас күйде рульге отырған.

– Соңғы екі жағдайда сот оларды ұзақ мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру шешімін шығарды. Есіл аудандық сотының шешімімен 43 жастағы автобус жүргізушісі техникалық құралдарды басқару құқығынан 3 жылға дейін шеттетілді, – деді әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Вадим Яценко.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp