«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАҚЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНУДА

Петропавлда қоғамдық көліктердегі жолақысы 23 пайызға көтеріліп, 80 теңге болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Осы мәселені қарастырған қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері тасымалдаушылардың бастамасын қолдамады. Алайда, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Болат Омаров дизельдік отын, қосалқы бөлшектер мен коммуналдық қызметтердің құны жоғарылауына байланысты жолақыны көтеру қажет екенін жеткізді. Бұл мәселе қоғамдық кеңестің келесі отырысында тағы да талқыланып, түпкілікті шешім қалалық мәслихаттың сессиясында қабылданады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp