«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАМА САНЫ — 42

Дәл қазіргі есеп бойынша қазақ спорт­шы­лары спорттың 16 түрінен Токио Олимпиадасына 42 жолдама жеңіп алды.

Жуырда бір топ қазақстандық жолдамаға қол жеткізді. Ең көп жолдама бокс­шылардың еншісінде. Атап айтар болсақ, Иор­данияның Амман қаласында өткен бокс­тан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ел қор­жы­нына ерлер құра­масынан – 8, әйелдер боксы­нан 1 жолдама түсті. Екінші орындар­ды еркін күрес балуандары мен садақ ату­шылар өзара бөлісіп тұр. Аталған спорт түр­лерінен төрт-төрттен барлығы 8 жолдама бар. Үшінші орында 3 жолдамаға иелік еткен же­ңіл атлеттер мен тасжолдағы велоспортта сынға түсетін спортшылар тұр. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp