Дәл қазіргі есеп бойынша қазақ спортшылары спорттың 16 түрінен Токио Олимпиадасына 42 жолдама жеңіп алды.
Жуырда бір топ қазақстандық жолдамаға қол жеткізді. Ең көп жолдама боксшылардың еншісінде. Атап айтар болсақ, Иорданияның Амман қаласында өткен бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ел қоржынына ерлер құрамасынан – 8, әйелдер боксынан 1 жолдама түсті. Екінші орындарды еркін күрес балуандары мен садақ атушылар өзара бөлісіп тұр. Аталған спорт түрлерінен төрт-төрттен барлығы 8 жолдама бар. Үшінші орында 3 жолдамаға иелік еткен жеңіл атлеттер мен тасжолдағы велоспортта сынға түсетін спортшылар тұр.