«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАРДЫ ӘУЕДЕН ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Өңір жолдарындағы қауіп- сіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалауда дрондар қолданыла бастады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары бейнебақылаумен қамтылмаған жерлерде полицияның сенімді серігіне айналуы мүмкін. Жоғарыдан қоғамдық орындарда темекі шегу, абаттандыру ережелерін бұзу фак- тілері айқын көрінеді. Сондай-ақ дрондар трассаларда жол жүру қағидаларының бұзылғанын анықтауға мүм- кіндік береді. Тіркелген құқық бұзушылықтар жақын маңдағы полиция жасағына жіберіледі, одан кейін патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайды.

Полиция қызметіндегі заманауи техникалық құрал- дар – «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асырудың қажетті құрамдас бөлігі. Дрондар қауіпті жағдайларды дер кезінде байқауға және қайғылы оқиғаларды болдырмауға, қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл жұмыс полиция мен прокуратураның өзара іс- қимылы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp