«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАУ ӘҢГІМЕНІҢ ӨЗЕГІНЕ АЙНАЛДЫ

 
 
 
Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Президенттің бағытымен” атты ақпараттық сағат өтті. Оған Петропавл қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері мен жергілікті белсенді жастар қатысты.  
Бұл шара барысында ұйымдастырылған “Қазіргі қуатты мемлекет – біздің болашағымыз” кітап көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты  Жолдауынан сыр шертеді. Ақпараттық сағат кезінде “Jas Otan” жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Абылайхан Қайроллаев пен кітапханадағы өнер бөлімінің басшысы Анар Құсанова қатысушыларға еріктілік қызмет, мемлекеттік органдардың, мекемелердің басшыларына әлеуметтік желілер арқылы өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініш жасау және “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы туралы айтып берді. 
Шара соңында ерікті болуға ниеті бар жастар  қатарға қабылданды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp