«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАҒЫ АПАТ

Кеше кешкісін «Челябі-Новосібір» тас жолының 506-шы шақырымында Қызылжар ауданында «Мерседес» газ тасымалдағышының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіндегі арыққа құлады. Оның автоцистернасында 14 тонна метан болған. Абырой болғанда, газ тараған жоқ. Жүргізуші де зардап шеккен жоқ. Ол Ресейдің Екатеринбург қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан екен.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары қауіпті аймақты қоршауға алып, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік ұйымдастырды.
Апат жол-көлік қозғалысына әсер еткен жоқ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp