Құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдардың имиджін көтеру, сондай-ақ, жол полициясы қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында “Нұр Отан” партиясының облыстық және қалалық филиалдары, сондай-ақ, облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтті.
Партияның облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Абай Қайсин “Оңтүстік” бекетінде, ал партияның қалалық филиалының референт-хатшысы Елена Мокей “Батыс” бекетінде өткізген қабылдауға тәртіп сақшылары мен ішкі істер басқармасының ардагерлері, өңір жұртшылығы, барлығы 100-ден астам адам қатысты.
Бұл күні қала және елді мекендер тұрғындары, жақын және алыс шетелден келген қонақтар елдегі жол қозғалысы ережелеріне қатысты заң кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды. Шара барысында қоршаған ортаны қорғау, автокөліктің техникалық жағдайы, жолда жүру ережесі секілді мәселелер де көтерілді.
Шара барысында сауалнамаға қатысып, парақшаларды толтырған көлік жүргізушілері маңызы зор акцияға оң бағасын берді.
(Өз тілшімізден).