«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДА САҚТЫҚ КЕРЕК

Өңірімізде “Абайлаңыз, балалар!” жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертуде.

– Оқу жылының басталуына байланысты облыс орталығының жолдарында оқушылардың қарасы көбейді. Әсіресе, бастауыш сыныптың оқушылары өздігінен мектепке барады. Жүргізушілер мұны естерінен шығармай, жол үстінде сақ болуы тиіс, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Сақшылар ескерткендей, жаяу жүргіншіге жол бермеген жағдайда жүргізушілер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 600-бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Қыркүйек айында жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 26 фактісі анықталды. Жыл басынан мұндай 600-ден астам жағдай орын алған. Аталған құқық бұзушылық үшін солтүстікқазақстандық жүргізушілер жалпы сомасы 6 миллион теңгеден асатын айыппұл төледі.
Қыркүйек айында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам фактісін анықтады. 425 жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырса, 341 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзды. Ал 34 жүргізуші көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін ұсталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp