«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУҒА» 183 АДАМ КЕЛДІ

Облыстық полиция департаменті «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.  Петропавлда акция түске дейін  Ярослав Гашек көшесінде орналасқан «Партнёр Авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанында өтті.  Екінші топ қаладан шығар жолдағы 21-ші бағыт автобусының соңғы аялдамасында азаматтарды қабылдады.  Түстен кейін қабылдау Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі «Семейный» гипермаркеті алдындағы алаңда және 2-ші Омбы айналма жолында өткізілді.

«Өтініш-тілегі бар азаматтарға жағдай жасау үшін оларға ыңғайлы орындар таңдалды. Көлік қозғалысы барынша көп жолдарға баса назар аударылды. Тәжірибе көрсеткендей, автокөлікті тіркеу, айыппұл төлеу, жол белгілері бойынша сұрақтар жиі қойылады. Сонымен қатар полицейлер көші-қон желісі, азаматтық қаруды тіркеу – барлық заңнама мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде түсінік береді, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигіМарат Төлебаев.

Сондай-ақ, департамент бастығы жуырда Жамбыл көшесінде ашылған Оқушылар сарайы маңындағы жол қозғалысының ұйымдастырылуын халыққа түсіндіруді тапсырды. Аталған жердегі жол белгілерінің орналасуы бойынша әлеуметтік желілерде және «Жолда қабылдау» акциясы барысында сұрақтар туындаған болатын. Әкімшілік полицейлер осы учаскедегі жол қозғалысын түсіндіретін түрлі-түсті сызба әзірлеп, ведомстволық парақшаларға орналастырды.

Акция барысында тәртіп сақшылары 183 адамға көмек көрсетті. «Жолда қабылдау» акциясы виртуалды кеңістікте де өтеді. Сұрақтар колл-орталықтың 61-25-09 нөмірі бойынша және WhatsApp мессенджерінің 8-777-642-32-97 телефон нөмірі арқылы қабылданды.

«Жолда қабылдау» акциясының әлеуметтік желілерде жарияланатыны маңызды. Сәуірдің басында өткен акция барысында  полицейлер 762 сұраққа жауап берді. Инстаграмм және Фэйсбук желілері бойынша  жүргізілген тікелей эфирінде облыс, аудан орталықтарында көрсетілді. Ол туралы хабарлама өңірдің озық пабликтерінде жарияланды. Бұл полиция ведомствосының  халыққа  кез-келген форматта қол ұшын беруге дайын екендігін көрсетеді», – деді  әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp