«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК

Тәртіп сақшылары жолда қалған жолаушыларды құтқарды. 
 

Түркістан облысының тұрғындары Еркебұлан Дүйсенбай мен Мақсат Рүстенов “Lada Priora” маркалы автокөлікпен Омбы қаласынан үйлеріне қайтып келе жатқан Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы “Жезқазған – Петропавл” жолында адасып, қарға батып қалған. Қанша тырысқанымен өздері шыға алмаған жігіттер “112″ нөміріне қоңырау шалған. 
Қарға батқан “темір тұлпарды” патрульдік автокөлікпен шығару мүмкін болмағандықтан, сақшылар “Дружба” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көмегіне жүгінген. Патрульдік полицейлер жолда қалған жолаушыларды Тоқсан би ауылына дейін жеткізіп салды. 
Келесі күні полицейлер Қостанай қаласының тумасы Борис Абросимовқа да уақытында көмекке келді. “Нұр-Сұлтан – Петропавл” тас жолында оның “Mercedes” маркалы жүк көлігі бұзылып, жолда қалған. 
 
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp