«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАР

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда боранды күні жолға шығып, батып қалған 11 жолаушы құтқарылды. Түнгі сағат 1 кезінде құтқарушыларға «Новосёловка – Шұқыркөл» тас жолында қарға батқан көлік жүргізушілері көмек сұрап, хабарласқан. Белгілі болғандай, Новоишимка ауылынан шыққан «Mitsubishi Pajero» және «ВАЗ-2106» автокөліктері Шұқыркөл ауылына 10 шақырым қалған кезде қарға батып қалған. Жол талғамайтын “Трэкол” көлігінің көмегімен оқиға орнына жеткен құтқарушылар жаураған жолаушыларды аудан орталығына жеткізді.

Бұл түні құтқарушылар Тоқсан би ауылының маңында 6 жеңіл көлік пен 2 автобусты қар құрсауынан алып шықты. Бұл жолаушылар Қостанай қаласынан Петропавлға келе жатқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар Владимир Хутинаев пен Арман Таниев “ҚазАвтоЖол” қызметкерлерін дереу көмекке шақырды. «К-700» тракторы жолды қардан аршыды. Кейін “Трэкол” көлігіне отырғызылған жолаушылар аудан орталығындағы мектеп-интернатқа жеткізілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp