«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДА ҚАЛҒАН КӨЛІК ИЕСІНЕ КӨМЕК

Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Юлий Данильченко мен Бекболат Бүркітбай Жезқазған-Петропавл тас жолының бойындағы кезекшілік барысында Шал ақын ауданының тұрғыны Сәлім Сыздықовқа көмек көрсетті. 

Петровка мен Мәдениет ауылдарының ортасында жолда қалған «Audi» автокөлігі жайлы олар басқа жүргізушілерден естіген. Патрульдік полицейлер “темір тұлпар” жөндеуге келмейтінін анықтап, 72 жастағы иесін үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Алайда қарт өзіне талай жыл қызмет еткен «темір тұлпарын» жолда қалдыруға қимайды. Ақыры патрульдік полицейлер сынған көлікті тіркеуге алды. 90 шақырымдық жолды еңсеру оңай болған жоқ, әрине. 40 шақырымнан соң сынған көлікті сергеевкалық полиция кіші лейтенанттары Бауыржан Закиров пен Бахтияр Алпысбаев сүйреді. Екі сағаттан кейін аудан орталығының тұрғындары үйлеріне аман-есен жетті. Сәлім ақсақал қоштасарда полицейлерге ақ алғысын жаудырып, батасын берді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp