«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ

Биыл облыста жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 1,1 мың шақырым жол жөнделеді деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 467 шақырым республикалық желі, 700 шақырым жергілікті жолдар және көше-жол желісі, соның ішінде 35 елді мекендегі 100 шақырым ішкі жол қамтылады.

– Былтыр өңірде мың километрден астам жол жөнделіп, 91,3 млрд. теңге игерілді. Биылғы жұмыстардың 80 пайызы – орташа жөндеу. Өңірдегі жолдардың 1983 шақырымы облыстық маңызы бар уческелер саналады, – дейді облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қанат Бүкіров.

Покровка-Петропавл, Қайранкөл-Благовещенка, Дәуіт-Кішкенекөл, Меңкесер-Раздольное, Горьковское-Восход, Кішкенекөл-Қаратерек, Смирново-Қиялы, Покровка-Ильинка, Смирново-Тоқшын, Повозочное-Баян, Ялты-Шақпақ бағытындағы жолдар жөнделеді.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp