«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол күтіміне қанша қаржы бөлінді?

Өңірдегі автомобиль жолдарын қысқы кезеңге дайындау мәселесі “AMANAT” партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды. Облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 2 мың шақырымды құрайды. Биыл жолдарды күтіп ұстауға 1,4 миллиард теңге бағытталды.

Облыстық жолаушылар кө­лі­гі және автомобиль жолдары бас­­қар­масы басшысының мін­де­тін атқарушы Ерден Шорты­баевтың айтуына қарағанда, облыстық маңызы бар жолдар­ды тазарту­ға барлығы 108 тех­ника дайын тұр. Ал аудандық 4,5 мың шақы­рым жол үшін 111 техника сақа­дай сай. Сон­дай-ақ 375 ауыл шаруашы­лығы құрылымымен меморан­дум жа­сал­ған. Олар аудандық маңызы бар жә­не кен­тішілік жолдарды тазаламақ.

“Бүгінде жергілікті маңызы бар автожолдар бойынша 1383 су өткізу құбырларын тазарту және жабу жұмыстары жүргізілді. 266 учаскеде жол жиегін ағаш­тардан тазарту жұмыстары бас­талды. Сонымен қатар жергілікті жолдарда еріген қар суынан қауіп бар 41 учаске анықталды. Тас­қын­ның алдын алу мақсатында су өткізу құрылғыларын жабу жұмыстары жалғасады”, – деп атап өтті Ерден Шортыбаев.

Республикалық маңызы бар жолдарды қысқа дайындау бары­сы туралы “ҚазАвтоЖол” АҚ Сол­түстік Қазақстан облыстық фи­лиа­лының директоры Талғат Смағұлов баяндады. Оның ай­туынша, бұл мақсатқа 2024-2025 жылдарға 1,4 миллиард теңге бө­лінген, бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 25 пайызға артық. Қа­зіргі уақытта филиалда 128 ар­найы қар тазалау техникасы бар, оның 120-сы жұмыс істеп тұр.

“Нормативтік талаптарға сәйкес, 136 қар тазалау техникасы қажет. Алты техниканың жағдайы нашар, оларды 15 қарашаға де­йін жөндеуді жоспарлап отыр­мыз. Биыл тағы 19 техниканы жалға алу көзделген”, – деді Тал­ғат Смағұлов.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp