Петропавл қаласынан шыға берістегі айналма жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Надежка ауылына бара жатқан жолаушылар автобусы “ГАЗ-3307” автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан қоғамдық көліктің үш жолаушысы жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне жіберілді.
Автобус жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінің 610-бабының 2-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Іс сотқа жолданбақ.