«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол сапасы жақсарады

Биыл облыс арқылы өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 281 шақырымы жөнге келтірілмек. Бұл мақсатқа бюджеттен 22 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді.

“Қазавтожол” Ұлттық компа­ниясы” акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының мәліме­тін­ше, биыл жүзеге асуы тиіс он жоба аясында 30 шақырым жол жаңартылады, жалпы ұзындығы 57,7 шақырым болатын екі жолда күрделі жөндеу жүргізілсе, қалған 7-інде орташа жөндеу жұмысы атқарылады.

Республикалық маңызы бар М-51 автомобиль жолының 633-648 шақырымына таңдамалы түрде орташа жөндеу жұмысы басталды. Бұл учаске Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 14 шақырым.

Жұмысты “ДОРОЖНИК АШЫҚ АСПАН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жа­тыр. Шарт былтыр қараша айында жасалды. Мердігер ком­пания жол бетін тегістеп, ас­фальт­бетон жабынын жөнге кел­тіреді және жол жиектерін орна­тады. Сондай-ақ жол таңбаларын салып, жол белгілерін ауыстыру жоспарланған. Жұмыс биыл аяқ­талады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде автомобиль жолымен жүру уақыты қысқарады және техника­лық сипаттамасы жақсарып, өңір­дің көліктік-логистикалық әлеуе­тін арттыруға мүмкіндік береді. Учаскедегі жөндеу жұмыста­ры­ның сапасын облыстық Жол сапа­сы активтері ұлттық орталығы өз бақылауында ұстайды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp