Петропавл маңында әуесқой және кәсіпқойлар арасында экстремалды көлік жарысы өтті. “Саз-балшықтағы жарыс — 2016″ сайысына Петропавл мен Көкшетау жүргізушілері қатысты. 12 машинаның арасында негізінен “УАЗ” бен “Нивалар” болды. Олар 2 шақырымдық сазды-балшықты қашықтықта сыналды.
“4×4 дөңгелекті автомобильдер екі санатқа бөлініп, кедергілерді еңсерді. Ең алдымен “стандарт” көліктер, яғни әуесқой ТР-1 форматында жарысты. Келесі жарыста ТР-2 нұсқасында кәсіби жүргізушілер сайысты”, – деді жарысты ұйымдастырушы Александр Градволь.