Облыс орталығында тозығы жеткен жолдардың жөнделгені бәрімізді қуантады. Әйтсе де, тұрғындарға қолайсыздық тудырып отырған көшелер де аз емес. Өзгесін айтпағанда, бір ғана Ы.Алтынсарин көшесінде аяқ алып жүру мүмкін емес.
Жаңбырлы күндері ата-аналар балаларын “Ақ көгершін” балабақшасына апару үшін осы жолмен титықтап зорға жетеді. Ой-шұңқырларға шалшық су жиналған. Көлікпен жүретіндердің өздері мекемеге жету үшін резеңке етік киіп шығады. Біреу сүрініп, қол-аяғын сындырып алса ше?! Тым болмағанда қиыршықтас төселсе екен.
Нұргүл КӘРІМОВА,
Петропавл қаласының тұрғыны.