«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Облыстық мәслихаттағы “Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов 2021-2025 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

– Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша аграрлық сала бойынша жалпы өнімнің көлемі 530-540 млрд. теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұған біз әртараптандырудың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Кейбiр диқандар әртараптандыру жұмысымен айналысуға ниет танытпай отыр. Осы орайда депутаттық фракция бұл мәселені сырттан бақыламай, белсенді араласуы керек, – деген өңір басшысы Құмар Ақсақалов жыл сайын жиналатын 3 млн. тонна бидайдың жартысынан астамы сыртқа шикізат күйінде жөнелтіліп жатқанын айтып өтті. Биыл өңірімізде 700 шақырым жол жөнделсе, алдағы уақытта Петропавл қаласынан аудан орталықтарына, одан әрi кейбiр ауылдарға жол тарту көзделіп отыр. Бұл орайда болашағы бар ауылдарға басымдық берілетін болады. Мәселен, биыл Саумалкөлде 17 көше жөнделсе, келесi жылы Қызылжар ауданының орталығында да осындай жұмыстар қолға алынады. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов депутаттарға бұл жұмыстарды қатаң бақылауға алуды тапсырды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp