«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған “Жомарт жүрек” республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, Астанада марапаттау рәсімі өтті.

Жүлде бес аталым бойынша табысталды. Алғашқысы – “Жыл меценаты” марапаты. Ол туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін табысталады. Бұл марапатқа ие болғандар қатарында солтүстікқазақстандық танымал кәсіпкер, меценат, “Ноғайбай” ЖШС-нің директоры Алтынбек Сапаров бар. Алтынбек Сейпілұлы Ноғайбай ауылын көркейту үшін тұрғын үйлер салып, демалыс орталығын тұрғызған, мұқтаж жандарға да үнемі қол ұшын береді.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін “Жыл тұлғасы” аталымы бойынша да марапаттар өз иелерін тапты. Бұл аталым иегерлерінің арасында тағы бір жанашыр азамат, “Дайындық-Агро” ЖШС-нің директоры Біржан Шәймерденовтің еңбегі еленді. Біржан Әбділманұлы соңғы жылдары ауылда бірнеше әлеуметтік нысан салды. Жұмысшыларға арналған жаңа үйлер, шағын орталық пен медициналық бекет тұрғызды. Әрбір үйге су, орталықтандырылған жылу жүйесін тартып берді.

Барлық жүлдегерлерге арнайы сертификат, гүл шоқтары және арнайы мүсіншелер берілді.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp