«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОМАРТ ЖАНДАРДЫҢ КӨМЕГІ ЗОР

Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясына орай Мағжан Жұмабаев ауданының мектептері мен “Нұр Отан” партиясы филиалында көмек қабылдау пункттері ашылды. Мұндағы білім беру мекемелерінің саны – 46, мектеп жасындағы төрт мыңға жуық оқушы бар. Білім беру бөлімінің мәліметінше, бір мыңнан астам шәкіртке игі шара аясында көмек көрсетілген. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 500 мың теңге жұмсалса, 1 миллион теңгеден астам қаражат – жомарт жандардың көмегі. Жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерінің акцияға өзіндік үлестері зор болғанын да айта кеткен жөн. А. Глушко, М. Жигалов, О. Құдасбаев, А. Дмитриев, С. Илгунов, А. Набатчикова, М. Топышева және тағы басқа кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасының балаларына мектеп құрал-жабдықтарын, киім-кешегін, басқа да қажетті бұйымдарын сатып алуға жыл сайын қол ұштарын созады. Сондай-ақ, өңірімізге белгілі суретшілер А. Қалдыров пен В. Смирнов өз туындыларынан түскен қаражатты да осы мақсатқа жұмсады.

(Өз тілшіміз).

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp