«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОО МЕН КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

Білім беру жүйесін қайта форматтау мәселелері жөніндегі кеңес отырысында «Кәсіптер атласын» оқыту бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасында жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы» 9 басым бағыт бойынша іске асырылуда. Олар: мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, көлік және логистика, машина жасау, тау-кен металлургиясы және құрылыс.

Қазақстанда жоғалып бара жатқан 129 мамандық бар. Оның 37 – сі – мұнай және газ саласында, 32 – сі – энергетикада, 11-і-машина жасауда, 40-ы — IT саласында.

«Кәсіптер атласын» ауқымды енгізу үшін оқу орындарының білім беру бағдарламаларын түзету, білім беру мекемелерінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысын орналастыруды түзету ұсынылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp