«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОРАЛҒЫЛАР ЖӨНІМЕН ЖАСАЛСА …

Өз елінің, халқының ортасында өмір сүре отырып, оның әдет-ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жоқ, сірә! Бұл, әсіресе, жаһандану заманында керек дүние. Өйткені, әлемдегі ұлттар мен ұлыстардың денінің жаһандану үрдісіне ұлттық ерекшеліксіз, салт-санасыз, әдет-ғұрыпсыз еніп бара жатқанын көріп отырмыз.

Ел мен елдің, ұлт пен ұлттың шекаралас, қанаттас, көп жағ­дайда өзара аралас-құралас өмір сүріп, жақсы қарым-қа­ты­наста болуы да дәстүрдің да­муына әсер етеді. Сондықтан олар­дың өзіндік салттарында айыр­машылықтар ғана емес, ұқсастық, төркіндестік те кез­де­седі. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазақ халқы­ның үйлену тойларында бүгіндері бір қаға беріс сәттерде қалың­дықтың кебісін немесе өзін ұрлап алып кетіп, оған айыппұл сұрап, той­ды азан-қазан у-шуға айнал­дырып, ақыр аяғында ұрыс-керіс басталып, қуаныш тойына кірбің келтіріп жататынын қайтерсің?! Бұл біздің салтымыздың көрінісі ме? Әрине, жоқ. Сынықтан өзгені жұқтырып алып, ұлтымыздың дәс­түрлерін жөнсіз істермен был­ғағанымыз емей, немене?!

Қазір не көп, той көп. Қазақ қа­рыз алып болсын қуанышын ұлан-асыр той жасап атап өтуде. Әрине, алыстағы жамағайынның басын бір дастарқан басына тоғыстырып, ет жақындарға құр­мет көрсеткеннің сөкеттігі жоқ. Мәселе сол салтанат үстін­де жасалатын жоралғылардың мағынасыздығында болып отыр. “Құ­даңды Құдайдай сыйла” дегенді желеу етіп, қадірлі меймандарға арақ ала жүгіретін болдық. Со­дан кейін алдымыздағы дәмнің, та­бақтағы еттің үстіне рөмкеде­гіні төгіп-шашып “сен іш”, “мен іш”, “мені сыйламайсың ба”, “құ­да деп құрметтесең, осыны тү­біне дейін іш” деп қолқа салаты­нын қайтерсің?! Содан кейін “арам су” төгілген адал асты жеп көр, әрине, көңілің тартпайды. Осын­дай жиындардың үстінде егде тартқан ер адамның “Табақ­қа арақ төкпеңдер”, – деп дауыс көтергеніне үйдің иесі “Бұл да астың бір түрі, онда тұрған не бар?”, – деп жауап қайтарды.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің 2019 жылғы 25 шілдедегі №85 санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp