Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте жылу магистральдары мен су өткізу желілеріндегі апаттың алдын алу және салдарын жою мәселелері қарастырылды. Үстіміздегі жылы 12,6 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізу, 4 шақырымын оқшаулау және 1,12 шақырымын ауыстыру жоспарланған.
— Еуропа қайта құру және даму банкінің қарызы есебінен 6,3 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылмақ. Бұл жұмыстарды жүргізу жылу желілерінің тозу деңгейін 71,8 пайыздан 62 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, – деді облыстық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тасмұрат Қатқадамов.