«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОСПАР ҚАРАЛДЫ

“Еріктілер жылының” аясында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің “ЕС-164/6” мекемесі қызметкерлері Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының мамандарымен “дөңгелек үстел” ұйымдастырды.

 Жиында “Еріктілер жылына” орай бірқатар шараларды өткізу туралы меморандумға қол қою мәселесі қаралды. Оның аясында сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, түрлі семинарлар мен тренингтер, “дөңгелек үстел”, зияткерлік ойындар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар “ЕС-164/6” мекемесінің басшылығы өз қызметкерлерін еріктілер ретінде халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына көмек көрсету жұмыстарына тарту жөнінде ұсыныс жасады.
Сотталғандардың еріктілер жүргізетін қолдау шараларына қатысуы олардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер ететіні сөзсіз.


ИРИНА СУЛЕИНА,
облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті “ЕС-164/6” мекемесінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp