«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҒАЛҒАН ӘЙЕЛДІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Петропавлда 6 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 32 жастағы әйел өлі күйінде табылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жас әйелдің денесі қаладағы пәтерлердің бірінен табылған. Аталмыш факт Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен бұған дейін сотталған 31 жастағы петропавлдық тұрғын қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp