«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғары баға

“WhoScored” футбол статистикасы порталы Ресей чемпионатының 30-туры аясында Санкт-Петербургтің “Зенитіне” қарсы өткен матчта қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдиновке ең жоғары баға берді.

“Ростов” сапында жасындай жарқыраған Бактиер 18-минутта мергендік танытты. Осы кездесудегі әрекеттері үшін Зайнутдинов 7,7 балл алды (он балдық шкала бойынша). 22 жастағы қазақстандық 64-минутта алаңнан кеткен болатын. Кейін ростовалықтар екі гол жіберіп алып, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

“Зенит” ойыншылары Эмилиано Ригони (8,5 ұпай) мен Олег Шатов (7,9 ұпай) қана осы матчта Зайнутдиновтен жоғары ұпай алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp