Автокөлік тонаушылар жоғары технологиялық құралдарды пайдалана бастаған.
Петропавлға келген 27 жасар көкшетаулық ұры көліктің дабыл беру жүйесінің кодын сканер арқылы анықтап, автотұрақта тұрған бір машинадан 150 мың теңгенің бағалы заттарын қолды қылып үлгерген. Ал екінші көліктің иесі келіп қалғандықтан қашуға мәжбүр болыпты.Алайда сол күні кешкісін полицейлер оны қолға түсірді, енді оған заң алдында жауап беруге тура келеді.