«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Дүйсенбі күні өңіріміздегі бұқаралық ақпарат құралдары арасында жарияланған облыстық конкурстың қорытындысы шығарылып, облыс әкімі Ерік Сұлтанов үздік атанғандарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

– Сіздер жыл бойы облысымызда, елімізде жүзеге асырылған игі істерді халыққа жеткізіп, қажырлы еңбек еттіңіздер. Оны байқауға түскен материалдардан да көруге болады. Осындай байқаулар журналистер қауымының шығармашылығын арттырып, қаламын ұштай түседі деп ойлаймын, – деді өңір басшысы.

Алты аталымнан тұратын байқауға республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өңір экономикасындағы жағымды үдерістер, қоғамдық мәні бар ауыл бастамалары, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, экстремизм, діни терроризм идеяларына қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жазған материалдарын тапсырған. Үздік деп танылған журналистердің арасында “Солтүстік Қазақстан” газетінің аға тілшісі Айгүл Ысқақова да бар.  

Марапаттау салтанаты барысында жүлдегер журналистер облыс әкіміне өз еңбектерін елегені үшін алғыс білдіріп, өңіріміз Жаңа жылда толағай табыстарға жете берсін деген тілектерін жеткізді.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp