М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі журналистер даярлайтын бөлім жеке кафедра болып қайта құрылды. Өңіріміздегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін маман даярлайтын бірден-бір оқу орнындағы бұл жаңалықты естіп, бір марқайып қалдық.
Бұған дейін қазақ және орыс журналистика бөлімдері филология кафедраларының қарамағында болған. 2001 жылы қазақ бөлімі ашылғаннан бері сексеннен астам түлек диплом алып, бүгінде еліміздің белді бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп жүр. Он адам журналистика магистрі дәрежесін алғанын да айта кеткен жөн.
Журналист болғысы келетін жастар жергілікті университетке көптеп келуде. Бірінші курсқа биыл 23 жеткіншек оқуға түскен екен. Былтыр сырттай оқу бөлімі ашылған болатын.
Жаңадан ашылған журналистика кафедрасына филология ғылымдарының кандидаты Айсұлу Шәйкенова жетекшілік етеді.
(Өз тілшіміз).