«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ – ҚОСТАНАЙДА

«Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінде «Ордасы ұлы Абылайдың» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Шара аталмыш мәдени ұйымдар арасындағы ынтымақтастық меморандумының аясында жүзеге асып отыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көптеген халықтар өз елдерінің өзіндік ерекшелігі бар елшісіне айналған ұлы бабаларының есімдерін бағалап мақтан етеді. Ұлы дала біртуар саңлақтарды дүниеге келтірген,олардың ішінде Абылай хан да бар» – деген болатын.

Көрмені тамашалаушылар тарихи тұлғаны жан-жақты танып-білуде. Мұражай қызметкерлері қостанайлықтардың назарына 30-дан аса экспонаттар ұсынып отыр. Солардың ішінде Есіл ауданындағы Көктерек ауылының тумасы Қазыбек (Тышқан) батырдың найзасының ұшы бірден көпшіліктің назарын аударуда. Ол 18 ғасырда жоңғарларға қарсы күрескен Абылайдың атақты батырларының бірі болған. Көрме сөрелеріне Абылай хан туралы кітаптар, оның Ресей үкіметіне жазған хаттары қойылған. Көрме 12 мамырға дейін жалғасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp