«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛУ БЕРУДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов №2 Петропавл жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Қазіргі уақытта стансада 10 қазан­дық пен 7 турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Жұмыстар штаттық режімде жүргізілуде, жылумен қамтамасыз ету көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай.

«2025 жылы облыс көлемінде 12,6 шақырым жылу желісі, 1520 шақы­рым электрмен жабдықтау желісі қай­та жаңғыртылып, 227 қосалқы станса­да қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мұның барлығы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтама­сыз етуге мүмкіндік беріп отыр», – деді өңір басшысы.

Жалпы облыс бойынша 484 қазан­дық жұмыс істейді. 562 мың тонна көмір қоры дайындалған. Жылыту маусымын іркіліссіз ұйымдастыру ерекше бақылауда.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp