Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов №2 Петропавл жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.
Қазіргі уақытта стансада 10 қазандық пен 7 турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Жұмыстар штаттық режімде жүргізілуде, жылумен қамтамасыз ету көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай.
«2025 жылы облыс көлемінде 12,6 шақырым жылу желісі, 1520 шақырым электрмен жабдықтау желісі қайта жаңғыртылып, 227 қосалқы стансада қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мұның барлығы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр», – деді өңір басшысы.
Жалпы облыс бойынша 484 қазандық жұмыс істейді. 562 мың тонна көмір қоры дайындалған. Жылыту маусымын іркіліссіз ұйымдастыру ерекше бақылауда.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.