Энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру үшін көпқабатты тұрғын үйлерде ортақ есептегіш құралдарын орнатудың маңызы зор.
Үкіметтің 2013 жылғы қазандағы кеңейтілген отырысында ел аумағындағы тұрғын үй қорларында жылу есептегіш құралдарын орнату жұмысын аяқтау жөнінде айтылып, көпқабатты ғимараттарды жылытуға арналған құрылғыларды сатып алу және орнату тетіктері мен қаржыландыру шараларын мемлекеттік бюджет есебінен шешіп, оларды “ТКШ-ні дамыту қоры” АҚ арқылы қайтару мақұлданды.
Бұл мемлекеттік мәселе бойынша Петропавл қаласында 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мәліметке қарағанда жылу энергиясын тұтынатын көпқабатты тұрғын үй ғимараттарының 34,42 пайызында ортақ есептегіш құралдары орнатылған. Оларды орнату шарасының баяу жүргізілуі тұрғындардың төлем мөлшерінің төмендейтініне күмәнді қарауы мен құрылғыларды сатып алғылары келмейтіндіктері басты себеп болуда.
Сонымен қатар, “Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы” Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы заңы бойынша тұтынушылар жылу энергиясын тұтыну қызметін сараланған тарифпен төлейтін болды. Онда тұтынушылардың жылу энергиясы қызметін пайдалануда ортақ есептегіш құралдарының болу-болмауы ескерілді.
Жылу энергиясы есептеу үшін күрделі де қымбат болып табылады. Сондықтан жылу энергиясын есептейтін жалпыүйлік құрылғы орнату оңай емес. Ортақ есептегіш құралын орнатып, төлемді қысқарту үшін, біріншіден, үйдегі жылу энергиясын тұтынудың нақты көрсеткіштері қандай екенін білу керек. Сол кезде жылу мен ыстық судың артық ысырабын төмендетуге болады. Екіншіден, жылыту жүйесінде белгіленген тәртіпке бағыну қажет. Яғни, әр тұтынушы өз тарапынан жылу шығынын жасамаудың жолдарын қарастырғаны жөн. Үшіншіден, энергияны үнемдеу үшін жылудың сыртқа шығып кетуіне жол бермеу шараларын үнемі жүргізіп отыру керек.
Жылу энергиясын тиімді пайдалану тұрғындарға қолайлы жағдай тудырып, жақсы өмір сүрулерін қамтамасыз етеді. Үнемдеу үшін біз нені тұтынсақ та, оның қажетті мөлшерін есептей білуіміз керек. Соған байланысты сіз қолданған жылу энергиясы үшін ғана төлем жасайсыз, сапасы төмен коммуналдық ресурсқа төлем жасаудан бас тартасыз, коммуналдық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, отбасылық бюджетіңізді үнемдейсіз.
Есепке алу құралдарын орнатқан және энергия үнемдеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған тұрғын үйлердің тұтынатын жылу көлемін құрылғылары жоқ үйлермен салыстырып, тариф мониторингін жүргізген кезде алғашқылардың монополиялық субъектіге қызмет төлемдері орта есеппен 31 пайызға төмендегенін көрсетті.
Жылу энергиясын есептейтін жалпыүйлік құралдарды сатып алу, орнату және кепілдік қызмет көрсетудің жария шарты 2015 жылғы 20 тамызда облыстық “Солтүстік Қазақстан”, “Северный Казахстан” газеттерінде жарияланды.
Жылу энергиясын есептегіш құралдарды орнату және пайдалану бойынша қосымша ақпаратты өздеріңіздің пәтер иелері кооперативінен немесе “Севказэнергосбыт” ЖШС-нің энергетикалық бақылау бөлімінен 46-24-16 телефоны арқылы алуға болады.
Павел МОЩИН,
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаментінің
техникалық реттеу бөлімінің басшысы.