«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛУ МЕН ЭЛЕКТР ҚҰНЫ АРЗАНДАДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы монополия субъектілерінің бағаны негізсіз көтергенін анықтады. Нақтырақ айтсақ, жеке кәсіпкерлер үшін электр қуатының құнын есептеуде тарифтің дұрыс қолданылмағаны белгілі болды.

Мысалы, “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і жеке кәсіпкерлерге электр қуаты үшін қымбаттатылған тариф бойынша түбіртектер жіберген. Прокуратураның араласуымен электр қуатының құны 19,41 теңге емес, 15,51 теңгеден қайта есептеліп, кәсіпкерлерге артық төлеген 40 млн. теңге қаржы қайтарылып берілді.

Осыған ұқсас жағдай “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС-і мен “Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы” АҚ-да да орын алған. Олар да тарифтік сметаларында бағаны көтеріп жіберген. Тексеріс қорытындысы бойынша аталмыш компаниялардың тарифтері түзетілді. Енді жылу және электр қуатының құны үстіміздегі жылдың 1 қарашасынан бастап 2020 жылға дейін жарамды болып есептеледі (жылу бағасы 2019 жылғы қазанның 31-не дейін, электр қуаты 2020 жылғы желтоқсанның 31-не дейін).

Осыған орай “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і 2018 жылғы 1 қарашадан бастап жылумен қамтамасыз ету құнын 1 Гкал. үшін 23 теңгеге, ал электр қуатының бағасын 1 кВт. үшін 0,12 теңгеге төмендетті. “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС-і мен “Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы” АҚ-ға табиғи монополия саласындағы заңды бұзғаны үшін 2,6 млн. теңге сомасында айыппұл салу жөнінде әкімшілік жаза қолданылды.

Гүлмайра КЕНЖЕБОЛАТОВА,

облыстық прокуратура аппаратының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp